Мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға әдістемелік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында консультациялық пункттің қазан айына арналған кезекті жұмысы өткізілді.
Қазан айындағы кеңес берудің басты тақырыбы: «Үйде және көшедегі қауіпсіз балалық шақ»
Кездесу барысында тәрбиеші ата-аналармен әңгімелесу, тренинг өткізіп, арнайы жадынамалар таратты. Шара барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
- Қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері;
- Үйде және серуендеу кезінде мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету жолдары;
- Балалардың жарақаттануының алдын алу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық әрі мазмұнды жауаптар алып, бала тәрбиесіне қатысты құнды ұсыныстармен бөлісті.
Консультация беру сәті
Әдістемелік материалдармен жұмыс

